Біз туралы
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Т.Рысқұлов ауданының білім бөлімінің «Болашақ» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны, Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының әкімиятының 12 қыркүйек 2008 жылғы №380 қаулысы негізінде Т.Рысқұлов ауданы әкімиятының білім бөлімінің «Болашақ» бала бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны болып ашылуға рұқсат берілді.
«Болашақ» бөбекжай –бақшасы» – 01 желтоқсан 2008 жылдан бастап қызмет жасайды. Оқу –тәрбие жұмыстары мемлекеттік тілде жүргізіледі.
Бөбекжай — бақша бойынша жалпы -3 топ бар. Жобалық қуаттылығы -65 орын. Бөбекжай – бақшасының меңгерушісі Бекмолдаева Бахыткул Тулегеновна бөбекжай –бақшасының дамуына зор үлес қосып келеді.
2023-2024 оқу жылындағы тәрбиеленушілердің жалпы саны -65 , оның ішінде «Жауқазын» кіші тобы — 15 бала, «Бозторғай» орта тобы- 25 бала, «Балдырған» ересек тобы- 25 бала.
Бөбекжай-бақшадағы тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін жайлы және қауіпсіз білім беру жағдайларын жасау, баланың даралығы мен субъективтілігін қолдауға бағытталған дамытушы заттық-кеңістіктік ортаны, оның ішінде арнайы ортаны құру, олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес біліктері мен дағдыларын қалыптастыру, мектепке дейінгі білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігі ұстанымдарын қамтамасыз ету, балалардың физикалық дамуы, коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын қалыптастыру, баланың зияткерлік, әлеуметтік дағдыларын және тұлғасын дамыту үшін инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану, оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттерінің бірлігін қамтамасыз ету, балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, отбасылық құндылықтарға, отаншылдыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке, мәдени-әлеуметтік нормаларға баулу, балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның күш-жігерін біріктіру, баланың мектепте оқуға физикалық, психологиялық, эмоционалдық, әлеуметтік дайындығы үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді беру болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды адам мәдениетінің әлеміне, күрделі және алуан түрлі қарым-қатынастардың әлеміне ертетін ересектердің бірі — тәрбиеші. Қазіргі кезде ата-ананың сұраныс деңгейі биік. Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу мәселесі қазіргі заманымызда өзекті болып отыр. Балалардың білім беруде, адамгершіліктің ең құнды қасиеттерін бойына сіңіріп тәрбиелеуде, білім мекемелерінен, ұстаздардан, ата-аналардан шығармашылықты талап етеді. Егеменді елімізге сай ұрпақ тәрбиелеп шығудың бірден бір жолы — өсіп келе жатқан ұрпақты эстетикалық тұрғыдан шыңдау. Еліміздің ертеңі — бүгінгі жас ұрпақтың қолында.
Егемендігіміз баянды болып, ел ертеңі жарқын болсын десек, ұлт ұрпағына дұрыс тәрбие беру — парыз!
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Т.Рысқұлов ауданының
білім бөлімінің «Болашақ» бөбекжай бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының
АННОТАЦИЯСЫ
Мекеменің атауы | «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Т.Рысқұлов ауданының білім бөлімінің «Болашақ» бөбекжай бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны |
Б/б меңгерушісі | Бекмолдаева Бахыткуль Тулегеновна |
Телефоны (ж.т; ұ.т.) | ж.т:87263150767, ұ.т: 87057375442 |
Мекен -жайы | Т.Рысқұлов ауданы, Ақыртөбе ауылы, А.Сейталы к-сі № 21 |
Бөбекжайдың статусы | Бөбекжай бақшасы |
Б/б пайдалануға берілген жылы | 2008жыл 21 желтоқсан |
Жобалық сыйымдылығы | 65 |
Бөбекжай ғимараты | Бөбекжай 1 қабатты ғимаратта орналасқан, ғимарат жалға алынған. Жылу жүйесі- Газ Электр жүйесі- бар Су құбыры – орталықтандырылған |
Оқыту тілі | Қазақ тілі |
Тәрбиеленушілер саны: 3 топ | 65 |
Педагогтардың жалпы саны | Жалпы педагог саны: 11 Жоғары білімді – 7 Арнаулы білімді – 4 Біліктілік санаты бойынша: Үшінші санатты меңгеруші – 1 Бірінші санатты – 2 Екінші санаты – 1 Модератор – 4 Санаты жоқ – 2 Жас маман – 1 |
Кіші қызметкерлер | 14 |
Материалдық- техникалық жабдықталуы | Компьютер – 4 Интерактив тақта – 1 Ноутбук- 1 Асхана -1 Мед.кабинет -1 Жатын бөлме-3 Ойын бөлме- 3 |
Электронды почта | bolashak_bal@mail.ru |
Мекеменің мәселелері | Бөбекжай бақшасының ғимаратын мемлекеттік мекемеге ауыстыруды етеді. Техникалық материалдық жабдықтар мен жихаздарды ауыстыруды қажет етеді. Асханадағы электр пешін ауыстыруды қажет етеді |